Дүниежүзілік банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісінің индикаторларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 53-ө өкімі

      Өңірлердегі іскерлік ахуалды жақсарту және Дүниежүзілік банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісін енгізу мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Дүниежүзілік банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісінің индикаторларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бекіту;

      2) Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісін енгізу жөніндегі жұмыс жоспары (бұдан әрі — Жоспар) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) Жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда белгіленген мерзімде Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.А. Досаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 4 мамырдағы
№ 53-ө өкімімен
бекітілген

Дүниежүзілік банктің "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісінің индикаторларын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бекіту

Р/с №

Индикатор

Орталық мемлекеттік орган

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар

1

2

3

4

1.

Кәсіпорындар ашу

Әділетмині

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, әділет департаменттері

2.

Меншікті тіркеу

Әділетмині

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, әділет департаменттері

3.

Құрылысқа рұқсат алу

ИДМ

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

4.

Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу

ЭМ

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 4 мамырдағы
№ 53-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасында "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісін енгізу жөніндегі жұмыс жоспары

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімдері

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

5

1.

Астана қаласында Дүниежүзілік банк сарапшыларының, мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен Қазақстанда "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісі" зерттеуін іске қосу таныстырылымын ұйымдастыру және өткізу

кеңес

2018 жылғы сәуір

ҰЭМ, Әділетмині, ИДМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, әділет департаменттері, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

2.

Дүниежүзілік банк сарапшыларына "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісі бойынша ақпарат беру

Дүниежүзілік банкке ақпарат

2018 жылғы шілде-қазан

ҰЭМ, Әділетмині, ИДМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері. әділет департаменттері, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

3.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының өңірлерде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісі" зерттеуінің деректерін жинау нәтижелерін талқылау бойынша кездесулері

кездесулердің хаттамасы

2018 жылғы қараша-желтоқсан

ҰЭМ, Әділетмині, ИДМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, әділет департаменттері, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

4.

"Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісін енгізу жөнінде жүргізілген жұмыс туралы есеп

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2018 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, Әділетмині, ИДМ, ЭМ

5.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының, мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен жүргізілген "Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісі" зерттеуінің нәтижелері бойынша есептің таныстырылымы

кеңес

2019 жылғы маусым

ҰЭМ, Әділетмині, ИДМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, әділет департаменттері, "ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша)

6.

"Doing Business" қосалқы ұлттық рейтингісі" жүргізілген зерттеуінің нәтижелері бойынша есеп

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

2019 жылғы шілде

ҰЭМ, Әділетмині, ИДМ, ЭМ

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      "ЭЗИ" АҚ - "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады