1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 72-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1. | Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов | |
2. | Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов | |
3. | Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов: | |
4. | "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов | |
5. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов | |
6. | Мемлекеттік архивтердің үлгілік штаттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов | |
7. | Мемлекеттік архивтердің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) ақылы түрлерін өткізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ Қаржымині | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов | |
8. | Орталықтандырылған мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов | |
9. | Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов | |
10. | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2018 жылғы шілде | Е.Т. Қожағапанов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі.