"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 82-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар, Түркістан облысының және Шымкент қаласының әкімдіктері, сондай-ақ мүдделі ұйымдар Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 17 шілдедегі
№ 82-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының (жол картасы) жоспары

Р/с №

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1

Жергілікті деңгейде Шымкент қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының жеткізілген лимиттерін бекіту, әкімдіктің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарды құру (оның ішінде ережені бекіту және басшыларды тағайындау)

Шымкент қаласы әкімдігінің қаулылары

Шымкент қаласының әкімдігі

2018 жылғы 11 шілде

2

Түркістан облысының және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелерін, ведомстволық бағынысты ұйымдарын және квазимемлекеттік сектор субъектілерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу

әділет органдарында мемлекеттік тіркеу және/немесе қайта тіркеу

Түркістан облысының әкімдігі, Шымкент қаласының әкімдігі, ОМО

2018 жылғы 13 шілде

3

Кейбір заңнамалық актілерді Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысына сәйкес келтіруді көздейтін Конституциялық заң және Заң жобаларының тұжырымдамаларын Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына енгізу

Әділетминіне Конституциялық заң және Заң жобаларының тұжырымдаларын енгізу

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы 16 шілде

4

Түркістан облысының және Шымкент қаласының салық органдарының кодтарын тағайындау

Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы 16 шілде

5

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйелерін пысықтау және Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бюджеттерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу

Ақпараттық жүйелерді пысықтау, бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу

Қаржымині, Шымкент қаласының әкімдігі, Түркістан облысының әкімдігі

2018 жылғы 19 шілде

6

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін құруды көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

МҚІСҚА (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ

2018 жылғы 27 шілде

7

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

БП (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ

2018 жылғы 27 шілде

8

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне:
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерін құруды көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ

2018 жылғы 27 шілде

9

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне:
Шымкент қалалық сотын және кейбір аудандық соттарды құруды;
Шымкент қаласының Соттар әкімшісін құруды;
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына өзгерістер енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ЖС (келісім бойынша), ЖСК (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині

2018 жылғы 27 шілде

10

Республикалық маңызы бар Шымкент қаласының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды белгілеу және сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ОСК (келісім бойьшша)

2018 жылғы 27 шілде

11

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы арасындағы бюджет бойынша бөлу балансын қабылдау

табыстау актісі

Шымкент қаласының әкімдігі, Түркістан облысының әкімдігі, Қаржымині

2018 жылғы 27 шілде

12

2018 - 2020 жылдарға арналған жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау мен бекіту және жергілікті бюджеттер туралы мәслихат шешімдерін іске асыру

Шымкент қаласының, Түркістан облысының жергілікті бюджеттері туралы мәслихат шешімдері; Шымкент қаласының, Түркістан облысының ЖАО қаулылары

Шымкент қаласының әкімдігі, Түркістан облысының әкімдігі

2018 жылғы 27 шілде

13

ОМО ақпараттық жүйелерін пысықтауды және реттеуді жүзеге асыру

Ақпараттық жүйелерді пысықтау

Мүдделі ОМО, АКМ, "ҰАТ" АҚ (келісім бойынша)

2018 жылғы 1 тамызға дейін

14

Республикалық бюджет комиссиясының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 9 шешіміне сәйкес бюджет бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары, 2019 - 2021 жылдарға арналған жаңа бастамалар шегінде әкімшілік-аумақтық өзгерістерге байланысты шығыстарды ескере отырып, 2019 -2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру

Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу

Қаржымині, мүдделі ОМО, Түркістан облысының әкімдігі, Шымкент қаласының әкімдігі

2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін

15

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асыру мақсатында өзге де нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Президенттің Жарлықтары, Үкімет қаулылары, ОМО бұйрықтары

мүдделі ОМО

2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін

16

"Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына шығару

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы Үкімет қаулысы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҰЭМ, ЕК (келісім бойынша), Қаржымині

2018 жылғы 1 қыркүйек

17

Кейбір заңнамалық актілерді Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысына сәйкес келтіруді көздейтін Конституциялық заң және Заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу

Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2018 жылғы 1 қыркүйек

18

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының өзгерістерін ескере отырып, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын 2018 - 2021 жылдарға арналған нысаналы индикаторлардың көрсеткіштері бөлігінде қайта қарау және қайта бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, ОМО бұйрықтары

Жауапты ОМО

2018 жылғы 1 қараша

19

Оңтүстік Қазақстан облысының 2016 - 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгерістер енгізу, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Түркістан облысы әкімінің арасында 2018 жылға арналған меморандум жасау, 2019 жылға арналған меморандум жобасын әзірлеу және келісу

Түркістан облысы мәслихатының шешімі, Меморандум жобасы

Түркістан облысының әкімдігі, ҰЭМ

2018 жылғы 1 қараша

20

Шымкент қаласының 2018 - 2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Шымкент қаласы әкімінің арасындағы 2018 жылға арналған меморандум жобасын және 2019 жылға арналған меморандум жобасын әзірлеу және келісу

Шымкент қаласы мәслихатының шешімі, Меморандум жобасы

Шымкент қаласының әкімдігі, ҰЭМ

2018 жылғы 1 қараша

21

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Оңтүстік Қазақстан филиалын қайта атау бөлігінде қажетті өзгерістер енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

ҚРҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы 1 желтоқсан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚР ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      ҚР ЖСК - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот кеңесі

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ОСК - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

      МҚІСҚА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      ҚРҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      "ҰАТ" АҚ - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

      ОМО - орталық мемлекеттік органдар

      НҚА - нормативтік құқықтық актілер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады