"Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 88-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 25 шілдедегі
№ 88-ө өкімімен
бекітілген

"Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АКМ

2018 жылғы қазан

Н.Ө. Мәуберлинова

2.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2018 жылғы қазан

Е.З. Тұрғымбаев

3.

Ақпараттық өнімге жас сыныптамасын беру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы

бұйрық

АКМ

2018 жылғы желтоқсан

Н.Ө. Мәуберлинова

4.

Жас санаты белгісіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

бұйрық

АКМ

2018 жылғы желтоқсан

Н.Ө. Мәуберлинова

5.

"Фильмнің индексін айқындау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 7 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

МСМ

2018 жылғы желтоқсан

А.Р. Райымқұлова

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады