"Мемлекет басшысының "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуін іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 30-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 91-ө өкімі

      "Мемлекет басшысының "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуін іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы" (бұдан әрі - Жол картасы) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 30-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Мемлекет басшысының "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуін іске асыру жөніндегі жол картасы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-күніне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Жол картасының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Жол картасының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 27 шілдедегі
№ 91-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 14 наурыздағы
№ 30-ө өкімімен
бекітілген

Мемлекет басшысының "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуін іске асыру жөніндегі жол картасы

Р/с №

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушы (бірлесіп орындаушы)

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Орындалу индикаторлары

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшесі

1

2

3

4

5

6

7

I. "Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру"

1.

"7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бағдарламасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу ("Ұлттық Банк туралы"; "Ұлттық Банк туралы"; "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және басқалар)

ҰБ (келісім бойынша), ИДМ, ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2018 жылғы наурыз

"7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бағдарламасы бойынша берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын ЕДБ-ден сатып алудың болжамды көлемі 2022 жылдың соңына дейін 1 трлн. теңгені құрайтын болады

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

2.

Жұмыс істейтін азаматтардың кең ауқымды тобын қолжетімді тұрғын үй ипотекасымен қамтамасыз етуге бағытталған "7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бағдарламасын бекіту

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

ҰБ Басқармасының қаулысы

2018 жылғы мамыр

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

3.

"7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бағдарламасын іске асыру үшін тиісті қағидалар мен регламенттерді қабылдау

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

ҰБ Басқармасының қаулысы

2018 жылғы маусым

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

4.

ЕДБ берген ипотекалық кредиттерді сатып алу үшін ҰБ 100% қатысуымен арнайы еншілес ұйым құру

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, Әділетмині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

ҰБ Басқармасының қаулысы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

2018 жылғы шілде

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

5.

"7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бағдарламасы шеңберінде құрылыс көлемін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникациялар құрылысын қаржыландыруды ұлғайтуға РБ-ден жыл сайын 20 млрд. теңге мөлшерінде "Нұрлы жер" бағдарламасына қосымша қаражат бөлу жөніндегі мәселені қарау

ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТҚЖБ" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2018 жылғы наурыз

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

6.

"7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" бағдарламасының нормаларын ескере отырып, "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тетіктерін түзету бөлігіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ИДМ, ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚТҚЖБ" АҚ (келісім бойынша), "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2018 жылғы маусым

Әлеуметтік-экономикалық
мониторинг бөлімі

II. "Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту"

7.

Айына 25 еселенген АЕК- ден аспайтын еңбекақы алатын жұмысшылар санаты үшін салық жүктемесін 10 есе төмендету тәртібін айқындау және жеке табыс салығын әкімшілендіру тетігін әзірлеу

ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2018 жылғы наурыз

Жұмыс берушілерге түсетін жүктемені арттырусыз шамамен 2 млн. Адамның еңбекақысын ұлғайту

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

8.

Жалақы мөлшері төмен жұмыскерлерге жеке табыс салығы мөлшерін төмендету бөлігінде салық заңнамасына түзетулер әзірлеу (Салық кодексі және басқалары)

ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2018 жылғы наурыз

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

9.

Жеке табыс салығы мөлшерін төмендетуден болатын бюджеттердің шығын сомаларын РБК қарауға шығару

ҰЭМ, Қаржымині

РБК хаттамасы

2018 жылғы сәуір

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

10.

Жергілікті бюджет шығындарын өтеу ("2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы)

Қаржымині, ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Заңы

2018 жылғы желтоқсан

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

11.

Жеке табыс салығының прогрессивті шәкілін енгізу мүмкіндіктерін зерделеу

ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2018 жылғы тамыз

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

III. "Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту"

12.

Мемлекеттік білім беру тапсырыстарын арттыруға және білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінімді енгізу

БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

Қаржыминіне бюджеттік етінім

2018 жылғы наурыз

Қосымша 20 мың грант, оның ішінде 11 мың грантты техникалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға бөлу

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

13.

Нормативтік құқықтық актілерге 2018 - 2019 оқу жылынан бастап техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жаңа гранттардың бағасын ұлттық жоғары оқу орындарындағы гранттар деңгейіне дейін арттыру жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ("2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер)

БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, ІІМ, ДСМ, СІМ, АКМ, МСМ, ҚАӨМ, ҚДМ, ИДМ, АШМ, Еңбекмині, ЭМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Білім, ғылым, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2018 жылғы сәуір


Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

14.

Нормативтік құқықтық актілерге 2018 -2019 оқу жылынан бастап қосымша 20 мың грант, оның ішінде бакалавриат бағдарламалары бойынша техникалық мамандықтарға 11 мың грант бөлу жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу ("2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер)

БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині, ІІМ, ДСМ, СІМ, АКМ, МСМ, ҚАӨМ, ҚДМ, ИДМ, АШМ, Еңбекмині, ЭМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Білім, ғылым, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2018 жылғы сәуір

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

15.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды мамандықтар бойынша дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу

БҒМ, ИДМ, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы (келісім бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), Білім, ғылым, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

2018 жылғы маусым

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

16.

ЖОО және колледждердің жатақханаларын салу тетігін айқындау және білім беру жүйесінің инфрақұрылымын мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында дамыту ("Концессиялар туралы"; "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"; "Төлемдер және төлемдер жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және басқалар)

БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, ҰБ (келісім бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2018 жылғы сәуір

2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың орындық студенттер жатақханасын пайдалануға беру

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

17.

Жатақханалар құрылысы және инженерлік коммуникацияларды өткізу үшін жоғары оқу орындары мен колледждер аумағы маңынан жер учаскелерін айқындау

БҒМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2018 жылғы мамыр

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

18.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде жатақханалар құрылысы және білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу (Бюджет кодексі; Азаматтық кодекс; "Білім беру туралы"; "Мемлекеттік мүлік туралы"; "Мемлекеттік сатып алулар туралы"; "Мемлекеттік жеке меншік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және басқалар)

БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Даму" КДҚ"АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2018 жылғы наурыз

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

19.

2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың орындық жаңа студенттер жатақханаларын салуды қамтамасыз ету

БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2019 жылғы желтоқсан, жыл сайын

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

IV. "Шағын несие беруді көбейту"

20.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредиттеуге қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінімді енгізу

АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

Қаржыминге бюджеттік өтінім

2018 жылғы наурыз

2018 жылы 14 мыңнан астам адамды микрокредиттеумен қамту

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

21.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қалаларда және моноқалаларда микрокредиттеуге қосымша қаражат бөлуге бюджеттік өтінім енгізу

ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

Қаржыминге бюджеттік өтінім

2018 жылғы наурыз

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

22.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қалаларда және ауылдық жерлерде микрокредиттеуді қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге ұлғайту

Қаржымині, ҰЭМ, АШМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

РБК хаттамасы

2018 жылғы сәуір

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

23.

Облыс орталықтарында, Астана және Алматы, Түркістан және Семей қалалары мен моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалалары бюджеттерін кредиттеудің негізгі шарттарына өзгерістер енгізу

ҰЭМ, АШМ, Қаржымині

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2018 жылғы маусым

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

24.

Қосымша қаражат бөлуді ескере отырып:
- облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалалары мен моноқалаларда;
- шағын қалалар мен ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті микрокредиттеу шеңберінде кредиттік шарттарды түзету

ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері АШМ, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері

қосымша кредиттік келісімдер

2018 жылғы маусым

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

25.

Екінші деңгейдегі банктерде, микроқаржы ұйымдарында және кредиттік серіктестіктерде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде микрокредиттеуге бөлінетін қосымша қаражат есебінен кейін қаржыландыру үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар санаттары жобаларының пулын дайындау

облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "АНК" АҚ (келісім бойынша), "АШҚҚҚ" АҚ (келісім бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша)

ҰЭМ-ге және АШМ-ге ақпарат

2018 жылғы шілде

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

26.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасына және тиісті нормативтік құқықтық актілерге микрокредиттеу бағдарламасына қатысушыларды қамтуды кеңейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде мыналар бойынша:
Нысаналы индикаторларды өзектендіру;
қалаларда және ауылдарда іске асырылатын жобалар үшін сараланған микрокредиттер беру лимиттерін айқындау; өнімді соңғы қарыз алушыларға өткізуді қамтамасыз ету үшін қайта өңдеуші ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, бордақылау алаңдары төңірегінде негізгі кооперацияны дамыту; кепілзатсыз негізде қаржыландыру беру арқылы ХҚҰ кредиттеу құрылымына тарту

Еңбекмині, АШМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша) "АНК" АҚ (келісім бойынша), "АШҚҚҚ" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде заңға тәуелді актілерді қабылдау

2018 жылғы мамыр

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

V. "Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру"

27.

"Сарыарқа" магистральдық газ құбырының бірінші кезеңі құрылысының жобасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру

ЭМ, Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

2018 жылғы наурыз

"Сарыарқа" магистральдық газ құбырының трассасы бойындағы 171 елді мекенді табиғи газбен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету. ТЭН-ге сәйкес құрылыс кезеңінде шамамен 800 жұмыс орнын, пайдалануға беру кезеңінде 225 жұмыс орынын құру. "Сарыарқа" Магистральдық газ құбырының бірінші кезеңі бойындағы өңірлердегі экологиялық жағдайды көмірмен алмастыру жолымен жақсарту. Бұл ретте 2030 жылға қарай ластағыш заттардың шығарылуын төмендету әсері алдын ала деректер бойынша жылына шамамен 60-70 тоннаны құрайды

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

28.

Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуразия даму банкі, Қазақстанның даму банкі және т.б. сияқты халықаралық қаржы институттарынан қаражат тарту жолымен "Сарыарқа" магистральдық газ құбырының бірінші кезеңі құрылысының жобасын қаржыландыру схемасы мен шарттарын айқындау

"Бәйтерек" ҰБХ АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ, ЭМ, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2018 жылғы маусым

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

29.

"Сарыарқа" газдандыру жобасын өзін-өзі ақтауға бағытталған табиғи газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау бойынша қызметтерге тариф белгілеудің әдіснамасына өзгерту бойынша ұсыныстарды пысықтау

ҰЭМ, ЭМ, Қаржымині, ИДМ, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдері, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазМұнайГаз" АҚ (келісім бойынша), "ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2018 жылғы сәуір

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

30.

"Сарыарқа" магистральдық газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысы жобасының ЖСҚ әзірлеуді қамтамасыз ету

ЭМ, ИДМ, "ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша)

ЖСҚ

2018 жылғы мамыр

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

31.

"Сарыарқа" магистральдық газ құбырын төсеу үшін "Қызылорда-Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана" бағдары бойынша жер учаскелерін бөлуді қамтамасыз ету

Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдері

әкімдіктердің қаулылары

2018 жылғы маусым

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

32

"Сарыарқа" магистральдық газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қорытындысын алуды қамтамасыз ету

ИДМ, "ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша)

жобалау-сметалық құжаттамаға қорытынды

2018 жылғы шілде

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

33.

"Сарыарқа" магистральдық газ құбырының бірінші кезеңі құрылысының жобасын іске асыру үшін ұйым құру/айқындау және қаржыландыруды тартуға қажетті жеткілікті деңгейде жарғылық капитал қалыптастыру

ЭМ, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2018 жылғы маусым

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

34.

Жобаны бастау рәсімін 2018 жылғы шілдеде өткізе отырып, "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау - Астана" бағдары бойынша "Сарыарқа" магистральдық газ құбырын салу

ЭМ, "Самұрық- Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазМұнайГаз" АҚ (келісім бойынша), "ҚазТрансГаз" АҚ (келісім бойынша)

пайдалануға беру актісі

2019 жылғы желтоқсан

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

35.

Сарыарқа" магистральдық газ бырына қосылу үшін газ бөліп тарату желілерін жобалау, салу және кезең-кезеңімен пайдалануға беру

Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдері

пайдалануға беру актілері (кезең-кезеңімен)

2019-2021 жылдар

Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ИДМ

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

Еңбекмині

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі

БҒМ

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

АШМ

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қаржымині

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Әділетмині

-

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

ЭМ

-

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ДСМ

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

СІМ

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

АКМ

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

МСМ

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

ҚАӨМ

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

ҚДМ

-

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі

МҚІСҚА

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

БП

-

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ЖС

-

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

ҰБ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

"Атамекен" ҰКП

-

Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

-

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ


"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"ҚазМұнайГ аз" ҰК" АҚ


"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"ҚазТрансГ аз" АҚ


"ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы

"Даму"КДҚ" АҚ


"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

"АШҚҚҚ" АҚ


"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы

"ҚТҚЖБ" АҚ


"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

"ҚИК" ИҰ" АҚ


"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы

"АНК" АҚ


"Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы

ЕДБ


екінші деңгейдегі банк

АҚ


акционерлік қоғам

РБ


республикалық бюджет

РБК


Республикалық бюджет комиссиясы

МҚҰ


микроқаржы ұйымдары

ЖСҚ


жобалау-сметалық құжаттама

ЖОО


жоғары оқу орындары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады