1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2018 жылға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) 2018 жылғы 15 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат жіберсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2018 жылғы 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 107-ө өкіміне қосымша |
Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингісі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2018 жылға арналған кешенді жоспары
Р/с | Шара | Ұсынылатын іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауаптылар | Орындау мерзімдері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. "Кәсіпорындар ашу" индикаторы | |||||
1 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Әділетмині, Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша) | ай сайын |
2. "Меншікті тіркеу" индикаторы | |||||
2 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Әділетмині, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ (келісім бойынша) | ай сайын |
3 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ фронт-офистарында қолтаңбалардың төлнұсқалығын бір күннің ішінде куәландыру (нотариатсыз мәміле) бойынша көрсетілетін қызметті енгізу | Тіркеу істерінің архивіне рұқсат беруді қамтамасыз ететін тіркеушілер үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ фронт офистарында жұмыс орындарын ұйымдастыру | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ-ның Жылжымайтын мүлік департаментіне статистикалық ақпарат (мәмілелер саны бойынша есеп) | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ (келісім бойынша), Әділетмині | 2018 жылғы қыркүйек |
4 | Бүкіл ел аумағының жер кадастрымен толық қамтылуын қамтамасыз ету | Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын қалыптастыру шеңберінде жария кадастр картасын жасау мәселесін пысықтау | ҰЭМ-ге ақпарат | АШМ, Әділетмині, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
3. "Келісімшарттарды орындау" индикаторы | |||||
5 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | ЖС (келісім бойынша), Әділетмині | ай сайын |
6 |
Сот жұмысының тиімділігін қадағалауға, соттағы істердің қозғалысын бақылауға және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, тиісті юрисдикция соты жұмысының нәтижелері туралы мынадай есептерді (статистика) ашық қолжетімділікте жариялау: | Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында аудандық соттардың, оның ішінде мамандандырылған экономикалық соттардың азаматтық істерді қарау бойынша қызметі туралы есептерді (статистика) жариялау | Жоғарғы Соттың интернет-ресурсындағы жарияланым | ЖС (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
7 | "Сот шешімдерін ашық түрде жариялау" көрсеткішін жақсарту | "Сот актілері банкін" жаңғырту, халық және бизнес өкілдері үшін "Сот актілері банкін" қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу | ҰЭМ-ге ақпарат | ЖС (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
8 | Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің шоттарына сұрау салу рәсімін автоматтандыру, борышкерлердің шоттарына ауыртпалық қою/алып тастау, инкассалық өкімді жіберу, инкассалық өкімнің орындалғаны туралы ақпарат алу, инкассалық өкімді кері қайтарып алу | сот орындаушыларының санкцияланған электрондық қаулыларын екінші деңгейдегі банктерге жіберу | ҰЭМ-ге ақпарат | Әділетмині, ЕДБ (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), АКМ | 2018 жылғы желтоқсан |
9 | Атқарушылық іс жүргізуді автоматты түрде тоқтатумен және қамтамасыз ету шараларын жоя отырып (тыйымдарды алып тастау) атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешекке онлайн төлемді қабылдау | атқарушылық іс жүргізудің болуы туралы ақпарат беру және төлем деректемелерімен қоса берешек сомасын беру бөлігінде АІЖО ААЖ-сын ЕДБ-нің ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру Атқарушылық іс жүргізуді автоматты түрде тоқтату және қамтамасыз ету шараларын жою функционалын іске қоса отырып, берешек сомасының өтелгендігі туралы ақпарат алу | ҰЭМ-ге ақпарат | Әділетмині, ЕДБ (келісім бойынша), АКМ, ЖС (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
4. "Кредиттер алу" индикаторы | |||||
10 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша, оның ішінде кредиттік бюро ұсынатын қызметтер бойынша ақпаратты ашып көрсету бөлігінде құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰБ (келісім бойынша) | ай сайын |
11 | Кредиттік бюроның қосымша құны бар (қарыз алушылардың кредиттік қабілетін бағалау бөлігінде) қызметтерді ұсынуы жөніндегі іс-шараларды өткізу | "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ның кредиттік скоринг қызметтерін көрсетуі | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰБ (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
5. "Миноритарлық инвесторларды қорғау" индикаторы | |||||
12 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰБ (келісім бойынша) | ай сайын |
6. "Құрылысқа рұқсат алу" индикаторы | |||||
13 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | ИДМ | ай сайын |
14 | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жұмыстар бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу | Өңірлік БАҚ-та жариялай отырып, мүдделі ЖАО мен кәсіпкерлік қоғамдастық үшін өңірлерде баспасөз турларын өткізу | БАҚ-та жариялау (өңірлік баспасөз және телевизия) | ИДМ | 2018 жылғы маусым, желтоқсан |
15 | "Құрылысқа рұқсат алу" индикаторының құрамына кіретін рәсімдерге мониторинг жүргізу | Алматы қаласының әкімдігіне "Құрылысқа рұқсат алу" индикаторының құрамына кіретін рәсімдер бойынша ай сайынғы есеп беру туралы сұрау салу | ҰЭМ-ге ақпарат | ИДМ | 2018 жылғы маусым, желтоқсан |
7. "Халықаралық сауда" индикаторы | |||||
16 | Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің 72 номенклатуралық тобы тауарларын (қара металдар) экспорттық жөнелтулер кезінде туындайтын уақыт бойынша және құндық шығындарды қысқарту | Корпоративтік ақпараттық ресурстарда экспортқа жөнелтулерді оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты ақпараттық жариялау | ҰЭМ-ге ақпарат | ИДМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісім бойынша) | тоқсан сайын |
17 | Тауарларға декларацияларды толтыруға арналған қаржы шығындарын қысқарту | "Кеден органдарымен экспорттау" бағыты бойынша тауарларға декларацияларды толтыруын қамтамасыз ету | Өңірлер бөлінісінде ҰЭМ-ге ақпарат | Қаржымині | ай сайын |
18 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Қаржымині, ИДМ | ай сайын |
19 | Халықаралық сауда индикаторының көрсеткіштерін жақсарту мақсатында мемлекеттік және мүдделі органдар жүргізген реформаларды мониторингтеу | Тауарлар экспортын мониторингтеуді жүзеге асыру үшін Алматы қаласына бару | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы қыркүйек |
20 | Экспорттық-импорттық операциялар кезінде бірыңғай терезені енгізу | "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" қағидатын енгізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Қаржымині, ДСМ, АШМ, ИДМ | 2018 жылғы желтоқсан |
21 | ЕАЭО сыртқы шекарасындағы өткізу пункттерін реконструкциялау, жаңғырту және техникалық толық жарақтандыру | Өткізу пункттерін реконструкциялау, жаңғырту және толық жарақтандыру | ҰЭМ-ге ақпарат | Қаржымині | 2018 жылғы желтоқсан |
22 | Сәйкестік сертификаттарын беруге жұмсалатын уақыт және қаржы шығындарын қысқарту | Экспортталатын тауарларға сәйкестік сертификатын беру рәсімдерін жеңілдету | ҰЭМ-ге ақпарат | ИДМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
8. "Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу" индикаторы | |||||
23 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | ЭМ (аумақтық департаменттері), Алматы қаласының әкімдігі | ай сайын |
24 | Электр энергиясын тұтынушылардың электр энергиясының сапасына, оның жеткізілуіне, сондай-ақ энергетика кәсіпорындарының электр желілеріне қосу бөлігінде ҚР электр энергетикасы саласындағы заңнамасының мерзімдері мен талаптарының сақталуына қанағаттануын айқындау | Электр энергиясын тұтынушыларға (шағын және орта бизнес өкілдеріне) сұрау салулар жіберу | ҰЭМ-ге ақпарат | ЭМ (аумақтық департаменттері), Алматы қаласының әкімдігі | 2018 жылғы желтоқсан |
25 | Электр желілерінің баланстық тиесілігінің және тиесілік тараптардың пайдалану жауапкершілігінің аражігін ажырату актілерін беру, электрмен жабдықтау шарттарын жасасу, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізу, электр беру ұйымдарының тұтынушылардың электр қондырғыларын салуға, реконструкциялауға немесе жаңғыртуға арналған жобалау құжаттамасын келісуі | "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ҰЭМ-ге ақпарат | ЭМ | 2018 жылғы желтоқсан |
9. "Төлем қабілетсіздігін шешу" индикаторы | |||||
26 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Қаржымині | ай сайын |
27 | Оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру | ҚР кейбір заңнамалық актілеріне "оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасын әзірлеу | Заң жобасы | Қаржымині | 2018 жылғы желтоқсан |
10. "Салық салу" индикаторы | |||||
28 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар | ай сайын |
29 | Есептеу мен төлеуді жеңілдету үшін жанама салықтарды әкімшілендірудің жаңа форматын пысықтау және жаңа әдісінің тұжырымдамасын әзірлеу, сондай-ақ ҚҚС-ты қайтару мерзімін қысқарту | ҚҚС-ты әкімшілендіру әдісі мен рәсімдерін әзірлеу, әдіснаманы әзірлеу және ҚР заңнамасына бейімдеу, сондай-ақ Blockchain технологиясын пайдалана отырып, ҚҚС-ты әкімшілендіру жөніндегі ақпараттық жүйеге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу | техникалық тапсырма | Қаржымині | 2018 жылғы желтоқсан |
30 | Салық төлеушілердің барлық санаттары үшін қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару тұжырымдамасын айқындау | Бизнес-процестердің және салық төлеушілердің барлық санаттары үшін қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару тәртібінің алгоритмін әзірлеу | ҰЭМ-ге ақпарат | Қаржымині | 2018 жылғы желтоқсан |
11. "Жұмыскердің құқықтарын қорғау" индикаторы | |||||
31 | Еңбек заңнамасын жетілдіру | Еңбек заңнамасын жетілдіру, оның ішінде жұмысшылар мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен кәсіптік одақтардың қызметі мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | ҰЭМ-ге ақпарат | Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), ҚР КФ (келісім бойынша) | 2018 жылғы қараша |
32 | Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек заңнамасын қолдану мәселелері жөнінде хабардар болуын арттыру | ҚР жаңа Еңбек кодексінің ережелерін ескере отырып, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), ҚР КФ (келісім бойынша), ЖАО | 2018 жылғы желтоқсан |
Әлеуметтік әріптестердің қатысуымен салалық және өңірлік деңгейлерде үшжақты комиссиялардың отырыстарын, еңбек заңнамасының мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Еңбекмині, ИДМ, ӘМ, ҰЭМ, ДСМ, ЭМ, ЖАО | 2018 жылғы желтоқсан | ||
Ұйымдық шарттармен республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарын қамтуды кеңейту бойынша шаралар қабылдау, әлеуметтік әріптестікті күшейту мәселелері бойынша халықаралық сарапшылармен кездесу өткізу | |||||
33 | "Doing Business" рейтингісіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу | БАҚ-та сөз сөйлеу, дөңгелек үстелдер, семинарлар және конференциялар өткізу | ҰЭМ-ге ақпарат | Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша), ҚР КФ (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ЕАЭО - Еуразиялық экономикалық одақ;
ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;
ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
ЖАО - жергілікті атқарушы органдар;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
"Атамекен" ҰКП - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
ҚРКФ - Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы;
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары;
ЕДБ - екінші деңгейдегі банктер;
ҚҚС - қосымша құн салығы;
АІО ААЖ - "Атқарушылық іс жүргізу органдарының" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.