"Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына" медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияны (Астана қаласы, 2018 жылғы 25-26 қазан) дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 117-ө өкімі

      "Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына" медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияны (Астана қаласы, 2018 жылғы 25-26 қазан) (бұдан әрі - конференция) сапалы дайындау және өткізу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда конференцияны дайындау және еткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) құрылсын.

      2. Ұйымдастыру комитеті 2018 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде Конференцияны дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін.

      3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 117-ө өкіміне
қосымша

"Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына" медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференцияны (Астана қаласы, 2018 жылғы 25-26 қазан) дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады