Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 123-ө өкімі

      2018 жылғы 10-12 қазанда Астана қаласында Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы халықаралық деңгейде Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 123-ө өкіміне
қосымша

Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры, хатшы.

      Жұмыс тобының мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Астана қаласы әкімінің орынбасары (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады