Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Басқарушы кеңесі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 158-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Басқарушы кеңесі (бұдан әрі - Басқарушы кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Басқарушы кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 158-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Басқарушы кеңесінің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, Басқарушы кеңестің төрағасы;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы, Басқарушы кеңес төрағасының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, Басқарушы кеңестің хатшысы;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) жетекшісі;

      Мемлекеттік бағдарламаның Сараптамалық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 158-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Басқарушы кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) Басқарушы кеңесі (бұдан әрі - Басқарушы кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

      2. Басқарушы кеңес қызметінің мақсаты Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне және іс-шараларына қол жеткізуге бағытталған шараларды іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Басқарушы кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Басқарушы кеңес туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Басқарушы кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. Басқарушы кеңес Мемлекеттік бағдарламаны жобалық басқарудың салалық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

      6. Басқарушы кеңестің отырыстары кестеге сәйкес, бірақ бір тоқсанда бір реттен сиретпей өткізіледі және егер оған Басқарушы кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.

2. Басқарушы кеңестің негізгі міндеті

      7. Басқарушы кеңестің негізгі міндеті:

      1) Мемлекеттік бағдарламаны, инвестициялық бағдарламаларды, агроөнеркәсіптік кешенмен (бұдан әрі - АӨК) аралас кіші бағдарламаларды,

      өңірлерде АӨК-ті дамыту бағдарламаларын әзірлеу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, іске асыру;

      2) Мемлекеттік бағдарламаны, инвестициялық бағдарламаларды, агроөнеркәсіптік кешенмен аралас кіші бағдарламаларды, өңірлерде АӨК-ті дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;

      3) ғылыми-зерттеу институттарының, жобалық институттардың және өзге де компаниялардың өкілдерін, нақты мәселелер бойынша тәуелсіз консультанттар мен сарапшыларды, әлеуетті инвесторларды, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) жұмысқа тарту;

      4) Мемлекеттік бағдарламаны басқару офисін құру;

      5) Сараптамалық кеңес құрамы;

      6) бағдарламалардың/кіші бағдарламалардың жобалық құжаттамасын (Жарғы, Басқару жоспары) бекіту мәселелері бойынша шешімдер қабылдау болып табылады.

3. Басқарушы кеңестің қызметін ұйымдастыру

      8. Басқарушы кеңес жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады