1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) жобасын әзірлесін.
3. Мемлекеттік бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің 2019 жылғы 30 қыркүйекке дейінге мерзімі айқындалсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау жұмыс тобының жетекшісіне жүктелсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 14-ө өкіміне қосымша |
Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекші
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіп кешені, табиғи ресурстар, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджеті департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының кеңесшісі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің директоры (келісім бойынша)
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы Экономика және жоспарлау департаментінің директоры (келісім бойынша)
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы Өңірлік зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша)
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Стратегиялық даму департаментінің директоры (келісім бойынша)
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Стратегия және корпоративтік даму департаментінің директоры (келісім бойынша)
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының Өңірлік зерттеулер орталығы директорының орынбасары (келісім бойынша)
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы Өңірлік зерттеулер орталығының аға сарапшысы (келісім бойынша).