1. Қоса беріліп отырған "Кинематография туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және олар қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 22-ө өкімімен бекітілген |
"Кинематография туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Мемлекеттік фильмдер қорының кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
2. | Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
3. | "Фильмінің индексі туралы ақпаратқа қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1217 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
4. | "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
5. | Ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
6. | Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
7. | Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
8. | Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
9. | Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
10. | Кинематография саласындағы субсидияларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
11. | Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
12. | Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
13. | Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру көлемдерін белгілеу үшін санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
14. | Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
15. | Фильмдер шығару кезінде инвестор үшін кинематографиялық ұйым орындайтын және көрсететін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ ҰЭМ Қаржымині | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
16. | "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
17. | Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы | МСМ | 2019 жылғы ақпан | А.Р. Райымқұлова |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі