1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актіні белгіленген тәртіппен қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі алынған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 25-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін және оларды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2019 жылғы мамыр | Р.Т. Жақыпов |
2 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2019 жылғы мамыр | Р.Т. Жақыпов |
3 | "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсатта пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | ДСМ бұйрығы | ДСМ ІІМ | 2019 жылғы мамыр | А.В.Цой |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.