Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 205-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 1-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республиканың заңнамасында айқындалады.";

      2) 296-баптың ескертулерінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі және аса ірі мөлшерлері өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың шағын, ірі және аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді.".

      2. "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      1) 1-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімі – сот сараптамасы органдары айқындайтын бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтарының тізбесі;";

      15) тармақшадағы "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға", "саны" деген сөздер тиісінше "есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға", "мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) есiрткi, психотроптық зат тектестер – Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілмеген, құрылымдық формулалары есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы бір немесе бірнеше сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын олардың алмастырғыштарына ауыстыру арқылы түзілген химиялық заттар;";

      18), 20), 22) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және аса iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте – сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын, белгiленген (шағын, iрi, аса iрi) мөлшердегі есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар түрлерiнiң тiзбесi;";

      "20) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi – халықаралық конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзбесi;";

      "22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктер терімі – халықаралық конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау;";

      "32) препарат – құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар, кез келген физикалық күйдегi заттар қоспасы;";

      мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "33-1) сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар – есірткі, психотроптық зат тектестерді дайындау кезінде пайдаланылатын және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізіміне енгізілген бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атом топтары;";

      2) 2-бапта:

      1-тармақтың екінші сөйлеміндегі "бақылау жасалуға тиісті Есірткі" деген сөздер "бақылауға жататын есірткі" деген сөздермен ауыстырылып, "ұсынылып отырған" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Затты Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізу мынадай негіздердің бірі бойынша:

      БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінен ұсынымдар келіп түскен кезде;

      зат Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімдерінде, тізбелерінде, кестелерінде болған кезде жүзеге асырылады.

      1-2. Заттарды есірткі, психотроптық зат тектестерге жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен сот сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Заттың құрылымдық формуласының Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың құрылымдық формулаларымен арақатынасын белгілеу және осы құрылымдық формулада сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарының бір немесе бірнеше алмастырғыштарының бар-жоғын айқындау сот сараптама нысаналары болып табылады.

      1-3. БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бақылауында жоқ психикаға белсенді әсер ететін заттың айналымда жүргені анықталған жағдайда оны есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға жатқызу 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес жүзеге асырылады.";

      3) 5-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігіндегі "уәкілетті мемлекеттік орган", "келісім" деген сөздер тиісінше "есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "келісу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органдармен келісу бойынша әзірлеген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекітеді, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "міндеттерді атқарады" деген сөздер тиісінше "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "функцияларды орындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5 Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiн, Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және аса iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін әзірлейді;";

      4) 6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгізілген есірткі заттары бар өсімдіктер өсірілетін жер учаскелеріне қарап-тексеру жүргізуге;";

      5) 8-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттiк квота – Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын қажеттiлiк есебi, лицензиясы бар заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олардың айналымын осы қажеттілік шегiнде жүзеге асырады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасындағы және 5-тармақтағы "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздер "есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қамтамасыз ету нормативiн үлестiк бөлу Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген барлық есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мәлімдеген, құрамында көрсетілген заттар бар өнiмдерге қатысты жүзеге асырылады.";

      6) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiретiн, дайындайтын, қайта өңдейтiн заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті тiркеуге жатады.";

      7) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмінде санамаланған заттар бар дәрiлiк заттарды таңбалау кезiнде осы заттардың атауы және олардың салмақ бiрлiгімен немесе пайызбен құрамы көрсетiледi.";

      8) 12-баптың 2 және 7-тармақтарындағы "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздер "есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 13-баптың 4-тармағындағы "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен" деген сөздер "есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 15-бапта:

      3-тармақтағы "есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "келісім" деген сөздер тиісінше "есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган", "келісу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, медициналық мақсаттарда пайдаланылатын, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген нақты дәрiлiк препараттардың ең ұзақ тағайындалу мерзiмдерiн, сондай-ақ олардың бiр рецептпен жазып беру мен босатуға болатын мөлшерiн айқындайды.";

      11) 16-бапта:

      1, 2, 3, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша белгілеген тәртіппен медициналық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген, медициналық мақсаттарда пайдалануға рұқсат етiлген дәрiлiк препараттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген барлық дәрiлiк заттарға қолданылатын ережелер, егер бұл ережелер осы Заңға қайшы келмесе, қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсаттарда қолдану Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.";

      "5. Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды қолдану құқығы азаматтық мақсаттағы санитариялық көлiкке қолданылады. Көрсетілген құқықты азаматтық мақсаттағы көлiктiң басқа түрлерiнде заңсыз iске асыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылыққа алып келеді.

      6. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету үшiн ғана пайдаланылатын, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген дәрiлiк препараттар:

      1) азаматтық мақсаттағы санитариялық көлiкте;

      2) тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңiздегi) оқу-жаттығуларға шығу кезiнде жауынгерлік машиналарда (корабльдерде);

      3) ұшуды орындау кезiнде ұшу аппараттарындағы ұшқыштың дәрi қобдишасында;

      4) мемлекеттiк мекемелердің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кезек күттірмейтін көмек шкафтарында (қаттағыштарында) болуы мүмкiн.

      Оларды қолдануға рұқсатты және есепке алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша белгілейдi.";

      12) 17-баптың 2-тармағындағы "мал дәрігерлігінде пайдалану шарты", "келісім бойынша есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді" деген сөздер тиісінше "ветеринарияда пайдалану шарттары", "келісу бойынша есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 23-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, өткізу, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңмен және оған сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының прекурсорлар, сондай-ақ есiрткi және психотроптық заттарды өндiру үшiн пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар туралы нормативтiк құқықтық актiлерімен реттеледi.";

      "4. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген заттардың бiрi есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау мақсатында пайдалануға арналғандығына дәлелдемелер болған жағдайларда, прекурсорларға сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылдағанға дейiн дереу тыйым салынады.";

      14) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне (ІІ және ІІІ кестелер) енгiзiлген есiрткi және психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалау медицина және фармацевтика жұмыскерлерiне арналған мамандандырылған баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Құрамында есiрткi немесе психотроптық заттар, сол тектестер бар дәрiлік препараттардың үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.";

      15) 35-баптың 6-тармағындағы "ауру адамға – жұмысқа жарамсыздық қағазы" деген сөздер "науқасқа – еңбекке уақытша жарамсыздық парағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 38-бапта:

      тақырыптағы және бірінші бөліктегі "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы бұзушылықтар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңнамасын бұзғаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "(1, 2-қосымшалар)" деген сөздер алып тасталсын;

      17) 1 және 2-қосымшалар алып тасталсын.

      3. "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):

      6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;".

      2-бап.

      1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және он үшінші абзацтарын, 2) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 3) тармақшасының төртінші және сегізінші абзацтарын, 16) тармақшасының үшінші абзацын және 17) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "20) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi – халықаралық конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге (1-қосымша) бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзбесi;".

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады