Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің халықаралық мәртебесін сақтау үшін қажетті құжаттарды қалыптастыру және Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі дүниежүзілік мұра комитетіне (бұдан әрі - ЮНЕСКО Комитеті) жіберу мақсатында:
1. Мынадай кұрамда жұмыс тобы құрылсын:
Әбдіқалықова | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы |
Мұхамедиұлы | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі, басшының орынбасары |
Жоламанов | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры, хатшы |
Шолпанқұлов | - | Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі |
Өскенбаев | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі |
Ашықбаев | - | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Әзімова | - | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Қожағапанов | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі |
Алпысов | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі |
Мырзалиев | - | Түркістан облысы әкімінің орынбасары |
Изанова | - | Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиясының бас хатшысы (келісу бойынша) |
Зебешев | - | Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі |
Жүнісов | - | "Астана бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалау институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша) |
Садуов | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша) |
Хазбулатов | - | "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша) |
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің халықаралық мәртебесін сақтау үшін қажетті құжаттарды қалыптастыру және ЮНЕСКО Комитетіне жіберу жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіқалықоваға жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |