Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясының күн тәртібі мәселелерін және оны 2020 жылғы 8-11 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешу үшін:
1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі ұлттық ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - Ұлттық ұйымдастыру комитеті) құрамы бекітілсін.
2. Ұлттық ұйымдастыру комитеті Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясын жоғары халықаралық деңгейде дайындауды және өткізуді ұйымдастыруды, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясын дайындау мен өткізу бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 50-ө өкімімен бекітілген |
Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясын дайындау және өткізу жөніндегі ұлттық ұйымдастыру комитетінің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары
"KAZAKH TOURISM" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісу бойынша)
"Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісу бойынша)
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Конгресстік-көрме іс-шаралары департаментінің директоры (келісу бойынша).