"Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;"
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;";
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;";
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі секторының меңгерушісі;
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі секторының меңгерушісі;";
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".
Премьер-Министр | А. Мамин |