"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде беру жөніндегі жұмыс тобын кұру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 101-ө өкімі.

      "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде беру процесінде іс-қимылдарды үйлестіру және келісілген шешімдер қабылдау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде беру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік меншікке беру процесінде проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлесін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 101-ө өкіміне
қосымша

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде беру жөніндегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаменті директорының орынбасары

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Активтерді басқару дирекциясы "Энергетика" секторының аға менеджері (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады