Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 106-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 106 өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі секторының меңгерушісі (келісу бойынша);

      "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының вице-президенті (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 106 өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты шетелде тұратын отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамытуға ықпал ету болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін Комиссия мынадай:

      1) шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты жетілдіру және дамыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      2) шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру міндеттерін жүзеге асырады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады