"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 134-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актіні қабылдасын және келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты қорытындыласын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

      ретгік нөмірі 914-жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр А.Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі
№ 134-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір зацнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

р/
с

Құқықтық актінің атауы

Актінің
нысаны

Орындауға
жауапты
мемлекеттік
орган

Орынд
ау
мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, әзірлеу мен енгізудің уақтылығы на жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИИДМ

2019
жылғы
тамыз

Қ.А.
Өскенбаев

2.

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИИДМ

2019 жылғы
тамыз

Қ.А. Өскенбаев

3

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

ИИДМ

2019
жылғы
тамыз

Қ.А.
Өскенбаев

4

"Қазақстан Республикасын ың Ақпарат және қоғамдық даму
министрлігі мен Қазақстан Республикасын ың Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш
өнеркәсібі
министрлігінің
кейбір
мәселелері
туралы"
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 26
наурыздағы №
142 қаулысына
толықтыру
енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қаулысы

АҚДМ

2019
жылғы
тамыз

Ж.М.
Қожахметов

5

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 304 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан
Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2019
жылғы
тамыз

Қ.А.
Өскенбаев

6

Жұмыс істеп жүрген
жастарға сатып алу
құқығынсыз жалға берілетін түрғынжай беру
қағндаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2019
жылғы
тамыз

Ж.Қ.
Омарбекова


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИИДМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      АҚДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады