"Архив-2025" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 142-ө өкімі

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "Архив-2025" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде "Архив-2025" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі ‒ Мемлекеттік бағдарлама) жобасын әзірлесін.

      3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу мерзімі 2019 жылғы 20 тамызға дейін болып белгіленсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 14 тамыздағы
№ 142-ө өкіміне
қосымша

"Архив-2025" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты" мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Рухани жаңғыру" бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі "Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Орталық мемлекеттік архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталықтың директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі "Архив-2025" ғылыми әдістемелік орталығының басшысы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады