"Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 152-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 103-ө Өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 23.07.2024 № 103-ө Өкімімен.

      "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 21 тамыздағы
№ 152-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 33-ө өкімімен
бекітілген

"Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының бас директоры (келісу бойынша)

Бейсембетов
Искандер Қалыбекұлы

"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісу бойынша)

Верховод
Дмитрий Бенедиктович

"Өнеркәсіптік автоматтандыру ұлттық платформасы" қауымдастығының директоры (келісу бойынша)

Құсайынов
Асқар Маратұлы

"Қазтелепорт" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады