Ұзақ мерзімді актуарлық модельдер құру негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 21 қыркүйектегі № 177-ө өкімі

      Ұзақ мерзімді актуарлық модельдер құру негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда ұзақ мерзімді актуарлық модельдер құру негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде ұзақ мерзімді актуарлық модельдер құру негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019жылғы 21 қыркүйектегі
№ 177-ө өкіміне
қосымша

Ұзақ мерзімді актуарлық модельдер құру негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)

      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

      "First Heartland Jysan Bank" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор (келісу бойынша)

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы (келісу бойынша)

      "TALAP" қолданбалы зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша)

      "Стратегиялық бастамалар орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға әріптесі (келісу бойынша)

      "ҚМГ Инжиниринг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының кеңесшісі (келісу бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады