"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 11-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 27 қаңтардағы
№ 11-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторын айқындау туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы шілде

Ж.Ғ. Қарағаев

2.

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторын айқындау өлшемшарттарды бекіту туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы шілде

Ж.Ғ. Қарағаев

3.

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы шілде

Ж.Ғ. Қарағаев

4.

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион еткізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы шілде

Ж.Ғ. Қарағаев

5.

Тәуелсіз сараптама операторының базалық жобалау құжаттары мен әзірлеуді талдауларының тәуелсіз сараптамасын ұйымдастыру мен жүргізуге арналған шығындарын айқындау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы наурыз

Ж.Ғ. Қарағаев

6.

Базалық жобалау құжаттарының және әзірлеуді талдауларының тәуелсіз сараптамасын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілік іріктеу жөніндегі талаптарды бекіту туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы наурыз

Ж.Ғ. Қарағаев

7.

"Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы наурыз

Ж.Ғ. Қарағаев

8.

Электр станцияларының тізбесіне тұтынушыларды енгізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы наурыз

С.Қ. Есімханов

9.

Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы наурыз

М.О. Жөребеков

10.

"Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде іске асырылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ЭМ

2020 жылғы наурыз

М.О. Жөребеков

11.

"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ҰЭМ

2020 жылғы наурыз

М.Т. Такиев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады