"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 76-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 23-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 76-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкімге 2-қосымшада:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия кұрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады