"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 31-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 18 ақпандағы
№ 31-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИИДМ

2020 жылғы ақпан

Б.С. Камалиев

2

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2020 жылғы ақпан

М.Т. Такиев

3

Магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті езге де объектілер тізбесіне енгізу және одан алып тастау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2020 жылғы наурыз

Б.С. Камалиев

4

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2020 жылғы наурыз

Б.С. Камалиев

5

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2020 жылғы наурыз

Б.С. Камалиев

6

Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ИИДМ

2020 жылғы наурыз

М.Т. Такиев Б.С. Камалиев

7

"Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2020 жылғы наурыз

Б.С. Камалиев

8

"Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 наурыздағы № 366 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ИИДМ

2020 жылғы наурыз

Б.С. Камалиев

9

"Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2020 жылғы наурыз

М.Т. Такиев Б.С. Камалиев

10

"Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2020 жылғы наурыз

Б.С. Камалиев

11

"Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығы

ИИДМ

2020 жылғы наурыз

Б.С. Камалиев

12

"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2020 жылғы наурыз

М.Т. Такиев

13

"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2020 жылғы наурыз

М.Т. Такиев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИИДМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады