Ел экономикасына түбегейлі реформалар жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда ел экономикасына түбегейлі реформалар жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ел экономикасына түбегейлі реформалар жүргізу жөніндегі орта мерзімді кезеңге арналған жұмыс жоспарының жобасына ұсыныстар әзірлесін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 34-ө өкіміне қосымша |
Ел экономикасына түбегейлі реформалар жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кұрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы
Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Әлеуметтік сала мен мәдениетті дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы" (келісу бойынша)
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"CSI" консалтингтік компаниясының аға әріптесі, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
"Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры (келісу бойынша)
"DAMU Research Group" бас директоры (келісу бойынша)
"Сандж" зерттеу орталығының президенті (келісу бойынша)
"Астана" халықаралық ғылыми кешені" жеке мекемесінің директоры (келісу бойынша)
"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры (келісу бойынша)
"Bi Group" директорлар кеңесінің торағасы (келісу бойынша)
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)