1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жастарды қолдау жөніндегі 2021 -2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2020 жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімде Жастарды қолдау жөніндегі 2021 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарламаның жобасы) әзірлесін.
3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімі айқындалсын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 45-ө өкіміне қосымша |
Жастарды қолдау жөніндегі 2021 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Бас штабының бастығы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары
Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
Атырау облысы әкімінің орынбасары
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі (келісу бойынша)
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)
"Қазақстан жастарының конгресі" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)
"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Рухани жаңғыру" орталығының басшысы (келісу бойынша)