Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 47-ө өкімі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Экспорттық саясат жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 40-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экспорттық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, хатшы";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экспорттық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.".

      2. "Экспортты дамыту мен экспортты мемлекеттік қолдаудың кешенді; жүйесін қалыптастыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 81-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады