Қазақстан Республикасы жанынан Экспорттық саясат жөнінде кеңес құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 40-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Ұлттық экспорттық саясаттың стратегиялық бағыттары, оның іске асырылуын мониторингтеу және бағалау жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Экспорттық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Кеңестің құрамы;

      2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 40-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экспорттық саясат жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 78-ө; 11.03.2020 № 47-ө өкімімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (келісім бойынша);

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша);

      "Қазақстан машина жасаушыларының одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

      "Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша);

      "Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушыларының одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша);

      "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша);

      "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 40-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экспорттық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Экспорттық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес Ұлттық экспорттық саясаттың стратегиялық бағыттары, оның іске асырылуын мониторингтеу және бағалау жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.03.2020 № 47-ө өкімімен.

      5. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 78-ө өкімімен.

2. Кеңестің міндеттері

      6. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) экспорт саласындағы басымдықтарды айқындау;

      2) отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорттық әлеуетін арттыру;

      3) Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін дамытуды ынталандыратын қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде экспорт мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтар актілерін жетілдіру;

      4) Қазақстан Республикасының бірыңғай экспорттық стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ оның іске асырылуы мен нәтижелерінің мониторингін жүргізу;

      5) Қазақстан Республикасының бірыңғай экспорттық стратегиясын іске асыру үшін қажетті ресурстарын айқындау жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

3. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі

      7. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады