Геологиялық барлаудың 2021 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 3 cәуірдегі № 57-ө өкімі

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Геологиялық барлаудың
2021 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2020 жылғы 4 мамырға дейінгі мерзімде Геологиялық барлаудың 2021 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – мемлекеттік бағдарлама) жобасын әзірлесін.

      3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің 2020 жылғы 31 мамырға дейінгі мерзімі айқындалсын.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау жұмыс тобының жетекшісіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 3 сәуірдегі
№ 57-ө өкіміне
қосымша

Геологиялық барлаудың 2021 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология және минералдық-шикізат базасын дамыту департаменті директорының орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің директоры

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Мемлекеттік органдармен байланыс департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Тау-кен департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының геология жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамының бас геологы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі (келісу бойынша)

      "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

      "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының геологиялық өндірістік ұйымдарының ассоциациясы" заңды тұлғалар қауымдастығының бас геологы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясы" қоғамдық бірлестігінің бас ғылыми қызметкері (келісу бойынша)

      "Мұнайшы-геологтардың Қазақстандық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)

      "У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)

      "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының орынбасары (келісу бойынша)

      "ҚазГЕО" геологтар одағы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады