Түркістан облысындағы төтенше жағдайды және оның салдарын жою жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 63-ө өкімі

      2020 жылғы 1 мамырда Өзбекстан Республикасындағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуына байланысты Түркістан облысындағы төтенше жағдайды және оның салдарын жою мақсатында:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Түркістан облысындағы төтенше жағдайды және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Комиссия:

      1) келтірілген зиянның көлемін белгілесін;

      2) инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдасын;

      3) зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетсін;

      4) қажет болған жағдайда Комиссия жұмысына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тартсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы
№ 63-ө өкіміне
қосымша

Түркістан облысындағы төтенше жағдайды және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Шөкеев
Өмірзақ Естайұлы

-

Түркістан облысының әкімі, жетекшінің орынбасары

Мырзағалиев
Мағзұм Маратұлы

-

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

Ильин
Юрий Викторович

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

Өскенбаев
Қайырбек Айтбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі

Алпысов
Ермек Амантайұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Дайырбеков
Нұрбек Слямханұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Әукенов
Ерлан Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Әбішев
Олжас Амангелдіұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Аяшев
Мақсат Темірбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы

Нұрмағамбетов
Талғат Қайырбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары

Ыдырысов
Алмаз Серікболұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады