Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына жер қойнауын пайдалану объектілерін салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 68-ө өкімі

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына жер қойнауын пайдалану объектілерін салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына жер қойнауын пайдалану объектілерін салу жөнінде шаралар кешенін көздейтін ұсыныстарды әзірлесін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 13 мамырдағы
№ 68-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына жер қойнауын пайдалану объектілерін салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – жетекші

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі – жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі – жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады