2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің кірістерін арттыру және шығыстарын оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 75-ө өкімі

      2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің кірістерін арттыру және шығыстарын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің кірістерін арттыру және шығыстарын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2020 жылға 1 шілдеге дейінгі мерзімде 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің кірістерін арттыру және шығыстарын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлесін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 75-ө өкіміне
қосымша

2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің кірістерін арттыру және шығыстарын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарманың төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (келісу бойынша)

      "Talap" қолданбалы зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша)

      "CSI" стратегиялық бастамалар орталығының аға әріптесі – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады