Ауылда "алқаптан сөреге дейін" кооперациялық тізбегін дамыту бойынша жобаны іске асыру үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 95-ө өкімі

      Халық үшін азық-түлік тауарларының экономикалық қолжетімділігін, бағаны тұрақтандыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өнімдерінің өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда ауылда "алқаптан сереге дейін" кооперациялық тізбегін дамыту бойынша жобаны іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылсын.

      2. Жұмыс тобы Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарында пилоттық жобалар құру және іске асыру бойынша ұсыныстарды 2020 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 13 шілдедегі
№ 95-ө өкіміне
қосымша

Ауылда "алқаптан сөреге дейін" кооперациялық тізбегін дамыту бойынша жобаны іске асыру үшін жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары

      "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік коғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры - Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазагро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры - басқарма мүшесі (келісу бойынша)

      "Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту қазақ ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады