1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тiзбесi (бұдан әрi – тiзбе) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және ай сайын келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 21 шілдедегі № 99-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Еңбекмині | 2020 жылғы шілде | Е.М. Әукенов |
2 | "Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1103 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Еңбекмині | 2020 жылғы тамыз | Е.М. Әукенов |
3 | "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2020 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
4 | "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2020 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
5 | "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ИИДМ | 2020 жылғы шілде | Қ.А. Өскенбаев |
6 | "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | БҒМ | 2020 жылғы шілде | М.М. Дауленов |
7 | "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2020 жылғы шілде | Е.М. Әукенов |
8 | "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2020 жылғы шілде | Е.М. Әукенов |
9 | "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2020 жылғы тамыз | А. Ғиният |
10 | "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан РеспубликасыӘділет министрлігі | Әділетмині | 2020 жылғы тамыз | А.Е. Ахметова |
11 | "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 02нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" ШЖҚ РМК директорының бұйрығы | Әділетмині | 2020 жылғы тамыз | А.Е. Ахметова |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
ШЖҚ РМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.