1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық акт жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеде белгіленген мерзімде тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актіні қабылдасын;
3) құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 113-ө өкімімен бекітілген |
"Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 04.11.2021 № 180-ө өкімімен.
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігінің кейбір мәселелері туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | Келісім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 120 күн | Қ.Е. Баеділов |
2. | Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | Келісім күшіне енген күнінен бастап 12 ай | М.Е. Сұлтанғазиев |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі