Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимылы жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 117-ө өкімі

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимылы жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 26 тамыздағы
№ 117-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимылы жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Ішкі өзара іс-қимыл

1.

ЭЫДҰ-ның тиісті басым бағыты бойынша командаларға (бұдан әрі – салалық командалар) ЭЫДҰ комитеттері мен жұмыс органдары отырыстарының графигін ұсыну

отырыстар графигі

ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), СІМ (Франциядағы ҚРЕ)

Қаңтар 2021 – 2025 жылдар

2.

Салалық командалардың бекіту семинарларын/консультацияларын өткізу

семинарлар/консультациялар

ҰЭМ, СІМ (Франциядағы ҚРӨ), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

қажеттілігіне қарай

3.

Салалық командалар бөлінісінде салаларды бағалау және ұлттық ұстанымдарды әзірлеу

ҰЭМ-ге есеп

салалық командалар

1-тоқсан 2021 – 2025 жылдар

4.

Салалық командалар отырыстарын өткізу

ҰЭМ-ге есеп

салалық командалар көшбасшылары, мүдделі мемлекеттік органдар

жылына 2 рет

5.

Салалық командалардың жұмысын ақпараттық қолдау (ЭЫДҰ O.N.E.жүйесіне қосу)

ақпараттық жүйе, Дайджест

ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

6.

Салалық командалардың бағалау жүйесін әзірлеу

бұйрық

ҰЭМ, СІМ (Франциядағы ҚРЕ), БҒМ, СЖҚА (келісу бойынша), ДСМ, Еңбекмині, ЭГТРМ, АШМ, Қаржымині, ИИДМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

2020 жылғы қыркүйек

7.

Салалық командалардың қызметін бағалау

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесте есеп

ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

наурыз 2021 – 2025 жылдар

8.

ЭЫДҰ Кеңесінің өлшемшарттары негізінде ұйымға кіруге әзірлікті бағалауды жүргізу

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестегі таныстырылым

ҰЭМ,СІМ,СЖҚА (келісу бойынша), Қаржымині, ҰБ (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

2020 жылғы желтоқсан

9.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанындағы ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөнінде кеңес өткізу

отырыс хаттамасы

ҰЭМ, СІМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ, Қаржымині, ДСМ, Еңбекмині, СИМ, ИИДМ, АШМ, ЭМ, ЭГТРМ, БҒМ, СЖҚА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

жылына 2 рет

Сыртқы өзара іс-қимыл

10.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭЫДҰ елдерінің елшілерімен ақпараттық кездесулер

ҰЭМ-ге есеп

СІМ (Франциядағы ҚРЕ), "ЭЗИ"АҚ (келісу бойынша)

қажеттілігіне қарай

11.

ЭЫДҰ-ға мүше елдерде ЭЫДҰ жұмысына қатысу мәртебесі бойынша ҚРЕ хабардар ету және бағдарлау

ҰЭМ-ге есеп

СІМ (Франциядағы ҚРЕ), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

желтоқсан 2021 – 2025 жылдар

12.

ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тұрақты өкілдерімен болу еліндегі жұмыс

ҰЭМ-ге есеп

СІМ (Франциядағы ҚРЕ)

тұрақты

13.

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл кезінде туындайтын ықтимал тәуекелдер мен проблемалық мәселелер бойынша ақпараттандыру және бағдарлау

ҰЭМ, салалық командалардың көшбасшыларына есеп

СІМ (Франциядағы ҚРЕ)

қажеттілігіне қарай

14.

Салалық командалар қатысуы тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

СІМ (Франциядағы ҚРЕ)

желтоқсан 2021 – 2025 жылдар

15.

Құзыретті мемлекеттік органдардың ЭЫДҰ жұмыс органдарының жұмысына қатысуын және тиімділікті арттыру жөніндегі ұсынымдарды мониторингтеу және бағалау

СІМ,ҰЭМ, құзыретті МО-ға есеп

СІМ (Франциядағы ҚРЕ)

тұрақты

16.

ЭЫДҰ-ға кіруге үміткер елдердің, оның ішінде ЭЫДҰ-ның жұмыс отырыстары шеңберіндегі жұмыс және компаниялар туралы ақпараттандыру

СІМ, ҰЭМ, салалық командалар көшбасшыларына есеп

ҰЭМ, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), СІМ (Франциядағы ҚРЕ)

тұрақты

17.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және ЭЫДҰ сарапшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізу

дөңгелек үстел

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, СІМ (Франциядағы ҚРЕ), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

жылына 1 рет

18.

ҚР мемлекеттік органдарының ЭЫДҰ Еуразия апталығына қатысуын (күн тәртібінің тақырыбы мен мәселелеріне байланысты) қамтамасыз ету

ҰЭМ-ге есеп

СІМ (Франциядағы ҚРЕ), "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

жылына 1 рет

Мемлекеттік басқару

19.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

ҰЭМ, салалық команда, "ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша)

қаңтар 2021 – 2025 жылдар

20.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

21.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда, есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

22.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныстар

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

Сыбайлас жемқорлық және парасаттылық

23.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

СЖҚА (келісу бойынша), салалық команда

ақпан 2021 – 2025 жылдар

24.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

25.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда, есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

26.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

27.

ЭЫДҰ Ыстамбұл іс-қимыл жоспары мониторингтік тобының отырысы

ҰЭМ-ге есеп

СЖҚА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

жыл бойы

Ауыл шаруашылығы және сауда

28.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

СИМ, АШМ, салалық команда

қаңтар 2021 – 2025 жылдар

29.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

30.

31.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

Жасыл экономика

32.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

ЭГТРМ, салалық команда

қаңтар 2021 – 2025 жылдар

33.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

34.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

35.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

Салық салу

36.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

Қаржымині, салалық команда

қаңтар 021 – 2025 жылдар

37.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

38.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

39.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

Бәсекелестік, шағын және орта бизнес және корпоративтік басқару

40.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

ҰЭМ, салалық команда

қаңтар 2021 – 2025 жылдар

41.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

42.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

43.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

Әлеуметтік даму және дағдылар

44.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

Еңбекмині, БҒМ, салалық команда

қаңтар 2021 – 2025 жылдар

45.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

46.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда, есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

47.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

Білім беру және инновациялар

48.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

БҒМ, салалық команда

қаңтар 2021 – 2025 жылдар

49.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

50.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда, есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

51.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

Инвестициялар

52.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

СІМ, салалық команда

қаңтар 2021 – 2025 жылдар

53.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

54.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда, есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

55.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

Көлік

56.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

ИИДМ, салалық команда

қаңтар 2021 – 2025 жылдар

57.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

58.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда, есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

59.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

60.

ЭЫДҰ Халықаралық көлік форумына мүше мемлекеттердің жыл сайынғы Көлік министрлері саммитіне қатысуы

ҰЭМ-ге есеп

ИИДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

жыл бойы

Денсаулық сақтау

61.

Қазақстанның ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу жоспарын әзірлеу, оның ішінде мына мәліметтер қамтылуы тиіс: салалық топ отырыстарының графигі, делегаттар құрамы, іссапарлар бюджеті, ЭЫДҰ жобаларының бюджеті, жоспарланатын жобалар

қатысу жоспары

ДСМ, салалық команда

қаңтар 2021 – 2025 жылдар

62.

ЭЫДҰ елдеріне қатысты саладағы Қазақстанның позициясын бағалау (Комитетте талқыланатын мәселелер бойынша, құқықтық құралдар бойынша)

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда көшбасшысы

жылына 1 рет

63.

ЭЫДҰ-ның маңызды статистикалық базаларын айқындау, қажет болған жағдайда есептеу әдіснамасын қайта қарау

ҰЭМ-ге есеп

салалық команда

жылына 1 рет

64.

ЭЫДҰ-ның жобалары мен құқықтық құралдары бойынша ұсыныстар енгізу

ҰЭМ-ге ұсыныс

салалық команда

мамыр 2021 – 2025 жылдар

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

АШМ

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Әділетмині

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БҒМ

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ДСМ

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ИИДМ

- Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қаржымині

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ҚР

- Қазақстан Республикасы

ҚРЕ

- Қазақстан Республикасының Елшілігі

ҚНРДА

- Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

СИМ

- Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

СЖҚА

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

СІМ

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ҰБ

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк

ҰЭМ

- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

- Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

ЭГТРМ

- Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭМ

- Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

"ЭЗИ" АҚ

- "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы

ЭЫДҰ

- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ЭЫДҰ O.N.E.

- Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының желілік кеңістігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады