"Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорынын Басқарушы комитетінін құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 33-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 147-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 103-ө Өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 23.07.2024 № 103-ө Өкімімен.

      "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 23 сәурдегі № 33-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорының Басқарушы комитеті туралы ережеде:

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қордың бас директорының лауазымдық жалақысының мөлшерін анықтау;";

      14-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады