Мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 150-ө өкімі.

      2020 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуінде шетелдік мұнай-газ компаниялары көтерген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі — жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2021 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде 2020 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуінде шетелдік мұнай-газ компаниялары көтерген мәселелер бойынша келісілген ұсыныстар тұжырымдасын.


      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 27 қарашадағы
№ 150-ө өкіміне қосымша

Мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "PSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының төрағасы (келісу бойынша)

Экология және геология мәселелері жөніндегі кіші топ

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының төрағасы (келісу бойынша)

Мұнай-газ саласын перспективалық дамыту мәселелері жөніндегі кіші топ

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "PSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының төрағасы (келісу бойынша)

Мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері жөніндегі кіші топ

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі

      Қазакстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының төрағасы (келісу бойынша)

Жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі кіші топ

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Қазақстан Республикасының Ұлттык экономика вице-министрі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады