"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 153-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2020 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 153-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

      1

Р/с № Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МСМ

2021 жылғы қаңтар

Н. Дәуешов

2.

"Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 145-ө өкімінің және "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 96-ө өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

МСМ

2021 жылғы қаңтар

Н. Дәуешов

3.

"Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік архивтердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ, Қаржымині

2021 жылғы қаңтар

Ө. Бисақаев

4.

Мемлекеттік архивтер өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар

Ө. Бисақаев

5.

"Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар

Н. Дәуешов

6.

"Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ, Қаржымині

2021 жылғы қаңтар

Н. Дәуешов

7.

Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар
 

Н. Дәуешов
 

8.     

"Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 201 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар
 

Н. Дәуешов
 

9.     

"Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ, ЦДИАӨМ

2021 жылғы қаңтар
 

Н. Дәуешов
 

10.

Мемлекеттік мәдениет ұйымдарындағы билеттерді дайындау мен өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі нің
бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар
 

Н. Дәуешов
 

11.

Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі нің
бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар
 

Н. Дәуешов
 

12.

Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ,
АҚДМ

2021 жылғы қаңтар
 

Н. Дәуешов
 

13.

Театр, музыкалық және концерттік қызмет, цирк өнері, кітапхана ісі, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн, әдебиет және кітап басып шығару жөнінде салалық көркемдік кеңестер құрудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар

Н. Дәуешов

14.

Өңірлік көркемдік кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар

Н. Дәуешов

15.

Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі сараптама комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар

Н. Дәуешов

16.

Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар

Н. Дәуешов

17.

Қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алғаны үшін авторларға, сондай-ақ сараптама қорытындысын бергені үшін сарапшыларға сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығы

МСМ

2021 жылғы қаңтар

Н. Дәуешов

18.

Өңірлік көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту туралы

Әкімдіктердің қаулылары

ЖАО

2021 жылғы қаңтар

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппарат басшылары

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      ЖАО – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады