Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 98-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "жасыл өсім" және ұлттық экономиканы терең карбонсыздандыру жөніндегі шараларды енгізе отырып, Қазақстанның төмен көміртекті дамуының 2050 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы 2021 жылғы 5 мамырға дейінгі мерзімде "жасыл өсім" және ұлттық экономиканы терең карбонсыздандыру жөніндегі шараларды енгізе отырып, Қазақстанның төмен көміртекті дамуының 2050 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын әзірлесін және Үкіметке енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 162-ө өкіміне қосымша |
"Жасыл өсім" және ұлттық экономиканы терең карбонсыздандыру жөніндегі шараларды енгізе отырып, Қазақстанның төмен көміртекті дамуының 2050 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, жетекшінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Астана" халықаралық қаржы орталығы" акционерлік қоғамы жасыл қаржы орталығының бас директоры (келісу бойынша)
"KAZENERGY" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)
"Жасыл Даму" акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша)
"Жасыл академия" ғылыми-білім беру орталығының директоры (келісу бойынша)
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының "Энергетика" секторының басшысы (келісу бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының өндірістік қауіпсіздікті басқару орталығының өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үйлестірушісі (келісу бойынша)
"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының активтерді өндіру және басқару жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)
"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)
"ECOJER" Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)
"QAZCEM" цемент және бетон өндірушілердің Қазақстандық Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)
Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығының қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры (келісу бойынша)
"KazWaste" қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығы өзін-өзі реттеу ұйымының атқарушы директоры (келісу бойынша)
Тұрақты даму үшін қазақстандық табиғат пайдаланушылар қауымдастығының атқарушы директоры (келісу бойынша)
"Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісу бойынша)
Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы өкілінің тұрақты өкілі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің өкілі (келісу бойынша)
GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы өкілдігінің Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жобаның жетекшісі (келісу бойынша)