2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөнінде арнайы комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 27-ө өкімі.

      2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу жөніндегі арнайы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссиялар құрсын.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 27-ө өкіміне
қосымша

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу бойынша арнайы комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігі төрағасының орынбасарлары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

      Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары

      Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

      Ақмола облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Алматы облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

      Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

      Қостанай облысы әкімінің орынбасары

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Павлодар облысы әкімінің орынбасары

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады