"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 43-ө өкімі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 43-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет кұқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 2 наурыздағы
№ 43-ө өкімімен бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2021 жылғы сәуір

А.Х.Әмірғалиев

2

"Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

жылғы сәуір

А.Х.Әмірғалиев

3

"Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині, МСМ

2021 жылғы сәуір

А.Х.Әмірғалиев

4

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині, ЦДИАӨМ

2021 жылғы сәуір

А.Х.Әмірғалиев

5

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығы

Әділетмині, ЦДИАӨМ

2021 жылғы сәуір

А.Х.Әмірғалиев

6

Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2021 жылғы сәуір

А.Х.Әмірғалиев

7

"Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2021 жылғы сәуір

А.Х.Әмірғалиев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ЦДИАӨM - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады