1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2021 жылғы 1 сәуірге дейін «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлесін және бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр A. Мамин