Ұлттық компанияларға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік юрисдикциялардан "Астана" халықаралық қаржы орталығына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 55-ө өкімі.



      Ұлттық компанияларға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік юрисдикциялардан "Астана" халықаралық қаржы орталығына кезең-кезеңімен көшіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда ұлттық компанияларға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік юрисдикциялардан "Астана" халықаралық қаржы орталығына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы екі апта мерзімде:

      1) ұлттық компанияларға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік юрисдикциялардан "Астана" халықаралық қаржы орталығына кезең-кезеңімен көшіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдасын;

      2) ұлттық компанияларға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік юрисдикциялардан "Астана" халықаралық қаржы орталығына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жол картасын пысықтасын.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
  2021 жылғы 17 наурыздағы
  № 55-ө өкіміне
  қосымша

Ұлттық компанияларға тиесілі жекелеген құрылымдарды шетелдік юрисдикциялардан "Астана" халықаралық қаржы орталығына кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің қаржы секторын дамыту саясаты басқармасының басшысы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры (келісу бойынша)

      "АХҚО Бизнес Коннект" бас директорының халықаралық іскерлік қатынастар бойынша орынбасары (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады