Жер реформасы жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 62-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 136-ө өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 11.08.2021 № 136-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында:

      1. Жер реформасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия туралы ереже;

      2) Комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Комиссия 2021 жылғы 25 наурызда жұмысқа кіріссін және 2021 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының жер заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдасын.

      Перемьер-Министр А.Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 62-ө өкімімен бекітілген

Жер реформасы жөніндегі комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жер реформасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде айына 2 рет өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның негізгі міндеті

      5. Комиссияның міндеті жер қатынастары саласындағы, оның ішінде Үкімет басшылығы деңгейінде шешім қабылдауды қажет ететін проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстар және ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.

3-тарау. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа және Комиссияның хаттамалық шешімімен бекітілетін Комиссияның жұмыс регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 62-ө өкімімен
бекітілген

Жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамы

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, төраға

Омаров
Сапархан Кесікбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төрағаның орынбасары

Теміржанов Мұрат Баритұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, хатшы

Қырықбаев Арман Оразбайұлы

-

"Nur Otan" партиясының хатшысы (келісу бойынша)

Бектаев Әли Әбдікәрімұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, "Ауыл" халықтық патриоттық партиясының төрағасы, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

Бақтиярұлы Мұрат

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы (келісу бойынша)

Сұлтанов Ерік Хамзаұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы (келісу бойынша)

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақжол" демократиялық партиясының мүшесі, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

Қоңыров Айқын Ойратұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халық партиясының төрағасы (келісу бойынша)

Үйсімбаев Асқарбек Съезбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

Тілеухан Бекболат Қанайұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

Сарым Айдос Әміроллаұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

Әбдіғалиұлы Берік

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

Смағұл Бақытбек

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

Нұркенов
Нұрлан Жаңбыршыұлы

-

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары

Әзірбаев Мұхит Бақытұлы

-

Алматы қаласы әкімінің орынбасары

Айманбетов Мәулен Зарлықұлы

-

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Әбдіқалықов Ғаггымжан Кенжешұлы

-

Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Кенжеханұлы
Ермек

-

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Тұрдалиев Серік Мелісұлы

-

Алматы облысы әкімінің орынбасары

Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлы

-

Атырау облысы әкімінің орынбасары

Нұрбаев Ержан Ахтанұлы

-

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы

-

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

Нығмашев Берік Болатұлы

-

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Шайдаров
Серік Жаманқұлұлы

-

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Нұрмұхамбетов Гэуез Торсанұлы

-

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары

Жаханов Бақыт Дүйсенұлы

-

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы

-

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Байханов Асаин Қуандықұлы

-

Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

-

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

Тәжібаев Ұлан Қалмұханұлы

-

Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Есенеев Ербол Еркенұлы

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры - Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры (келісу бойынша)

Сауэр Иван Адамович

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы

-

"Қазақстан фермерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

Бисетаев Қайрат Серікбайұлы

-

"Қазақстан картоп пен көкөніс өндірушілерінің одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

Садырбаев Алмазбек Жұмабекұлы

-

"SHOPAN АТА Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығы" дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

Бақтыбаев Мақсұт Бақытжанұлы

-

"Қазақстанның ет одағы" дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы

-

Бұкіләлемдік қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

Көшім Досмүханбет Қалмаханұлы

-

"Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, саясаткер (келісу бойынша)

Құдайбергенов Олжас Әбдімәлікұлы

-

"Стратегиялық бастамалар орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, экономист (келісу бойынша)

Қуатов Дәурен Қасенұлы

-

жазушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мұшесі (келісу бойынша)

Тайжан Мұхтар Болатханұлы

-

Болатхан Тайжан қорының президенті, қоғам қайраткері (келісу бойынша)

Қожық Жәнібек

-

қоғам қайраткері, жазушы (келісу бойынша)

Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы

-

"Ваzаrbек & Раrtnеrs" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заңгер (келісу бойынша)

Толықбай
Мақсат

-

журналист (келісу бойынша)

Жұмалы Расул Берекетұлы

-

саясаткер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (келісу бойынша)

Бәшімов Марат Советұлы

-

Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры, саясаткер (келісу бойынша)

Ошақбаев Рахым Сәкенұлы

-

"ТАЬАР" қолданбалы зерттеулер орталығы" қогамдық қорының директоры, экономист (келісу бойынша)

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы

-

"Серпін" білім және инновация ұлттық палатасы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, қоғам қайраткері (келісу бойынша)

Терещенко Сергей Александрович

-

"БАЛ-АРА" Қазақстан омарташыларының ұлттық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, Алматы облысы (келісу бойынша)

Нажметдинұлы
Болатбек

-

"Бағбандар одағы" жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, Түркістан облысы (келісу бойынша)

Жайынбаева Нұрсәуле Айсағалиқызы

-

"Агророст" шаруа (фермер) және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Маңғыстау облысы (келісу бойынша)

Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы

-

"Байсерке-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы, Алматы облысы (келісу бойынша)

Буканов Сайран Балкенұлы

-

"Қарқын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы, Қазақстанның Еңбек ері, Қостанай облысы (келісу бойынша)

Сағыналин Нұрлан Шымбайұлы

-

"Актеп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы, Ақтөбе облысы (келісу бойынша)

Қожаназаров Айдарбек Асанұлы

-

"Олжа Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қостанай облысы (келісу бойынша)

Уәлиев Батырбек Тұрсынбекұлы

-

"Агрофирма ТNК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Ақмола облысы (келісу бойынша)

Жақсылықов Әсен Дулатұлы

-

"Гормолзавод" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақмола облысы (келісу бойынша)

Жәкібаев Мұрат Орынбайұлы

-

"Белес Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Батыс Қазақстан облысы (келісу бойынша)

Касицин Александр Анатольевич

-

"ГАЛИЦКОЕ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Павлодар облысы (келісу бойынша)

Нығметов Сейітжапар Алшынбекұлы

-

"Қайнар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қараганды облысы (келісу бойынша)

Әбітаев Фарид Құмашұлы

-

"Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Шығыс Қазақстан облысы (келісу бойынша)

Оразбаев Сайлау Шаймарданұлы

-

"ҚараҚұдұқ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Павлодар облысы (келісу бойынша)

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы

-

"Тан ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қызылорда облысы (келісу бойынша)

Ысқақов Нартай Жұматайұлы

-

"Агрофирма Қара-өзек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақмола облысы (келісу бойынша)

Зенченко Геннадий Геннадьевич

-

"Зенченко и К" коммандиттік серіктестігінің директоры, Солтүстік Қазақстан облысы (келісу бойынша)

Мамбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы

-

"Мамбетов и компания" коммандиттік серіктестігінің бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысы (келісу бойынша)

Егізбаев Оразгелді Өтегенұлы

-

"Оразгелді-Датқа" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы, Түркістан облысы (келісу бойынша)

Егізбаев Керімхан

-

"Агротехнология" ғылыми-өндірістік шаруа қожалығының басшысы, Қызылорда облысы (келісу бойынша)

Жабяк Игорь Васильевич

-

"ШАНС" шаруа қожалығының басшысы, Қарағанды облысы (келісу бойынша)

Хильниченко Александр Викторович

-

"Хильниченко и К" коммандиттік серіктестігі басқарма төрағасының орынбасары, Алматы облысы (келісу бойынша)

Манатов Саха Ұзақұлы

-

"Aspan аgrо" шаруа қожалығының басшысы, Жамбыл облысы (келісу бойынша)

Нұрбаев Талап Дәулетбайұлы

-

"Нұрсұлтан" шаруа қожалығының басшысы, Жамбыл облысы (келісу бойынша)

Сарманов Мұрат Сатыбалдыұлы

-

"Нұрлы Дала" шаруа қожалыгының басшысы, Атырау облысы (келісу бойынша)

Балжігітов Сейітжан Қапанұлы

-

"Достан Ата" шаруа қожалығының басшысы, Атырау облысы (келісу бойынша)

Тоқашев Оралбек Нұрмұханбетұлы

-

"Балке" шаруа қожалығының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы (келісу бойынша)

Әлішев Қазыбек Құрмангалиұлы

-

"Арман-М" шаруа қожалығының басшысы, Ақтөбе облысы (келісу бойынша)

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады