"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2021 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 73-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2021 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 1 сәуірдегі
№ 73-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2021 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапалы, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1

"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2021 жылғы мамыр

М.З. Сыздықов

2

"Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын жариялауға арналған интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және "Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1386 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

2021 жылғы мамыр

М.З. Сыздықов

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады