Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 74-ө өкімі.
1. Қоса беріліп отырған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 9 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 1 сәірдегі № 74-ө өкімімен бекітілген |
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 9 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2021 жылғы мамыр | Ж.Ғ. Қарағаев |
2. | "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2021 жылғы маусым | Ж.Ғ. Қарағаев |
3. | "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2021 жылғы маусым | Ж.Ғ. Қарағаев |
4. | "Қазақстан Республикасының уран өндіру кен орындарын игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 тамыздағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2021 жылғы маусым | Ж.Ғ. Қарағаев |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі