1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 5 каңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес құқықтық акт жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және олар қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 77-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 5 каңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында кабылдануы кажет құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | ||
1 | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2021 жылғы наурыз | Н.С. Дайырбеков | ||
2 | Мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі фото- және бейнетүсірілімдерге арналған техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2021 жылғы сәуір | Н.С. Дайырбеков | ||
3 | "Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 7-1/273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2021 жылғы сәуір | Н.С. Дайырбеков | ||
4 | "Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы | АШМ, ҰЭМ | 2021 жылғы сәуір | Н.С. Дайырбеков М.Б. Юсупов |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.