"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 81-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 15 сәуірдегі
№ 81-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 998 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күнінен бастап екі ай ішінде

М.К. Бектанов

2

"Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңізіндегі) теңіз дәліздерін және қозғалысты бөлу схемаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 97 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күнінен бастап екі ай ішінде

М.К. Бектанов


3

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭГТРМ

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күнінен бастап екі ай ішінде

Е.Н. Нысанбаев

4

"Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығы өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы

Қорғанысмині

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күнінен бастап екі ай ішінде

М.К. Бектанов

5

Қызмет бабында пайдалану үшін





6

Қызмет бабында пайдалану үшін





7

Қызмет бабында пайдалану үшін





8

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілерін және сыртқы бояуының сипаттамасы мен қолданылу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы

ҰҚК (келісу бойынша)

2021 жылғы мамыр

Д.А.Ділманов

9

Қызмет бабында пайдалану үшін





10

"Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күнінен бастап екі ай ішінде

Е.Н. Нысанбаев

11

"Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күнінен бастап екі ай ішінде

Е.Н. Нысанбаев

12

"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жауапты хатшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 5-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күнінен бастап екі ай ішінде

Е.Н. Нысанбаев

13

"Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күнінен бастап екі ай ішінде

Е.Н. Нысанбаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады